Ақтөбеде коммуналдық қызмет ақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде коммуналдық қызмет ақысы өседі

16.01.2023

Ақтөбеде коммуналдық қызмет ақысы өседі. Сол арқылы әбден тозығы жеткен инженерлік желілер жөнделмек.

Бұл туралы Табиғи манаполияларды реттеу департаментінің өкілдері хабарлады. Яғни, енді тұрғындардың өздері жөндеу жұмыстарына инвестиция құяды. Қазір өңірдегі жылу мен су құбырларының жартысы, электр желілерінің 75 пайызы тозған. Қала бойынша 263 шақырым жылу желісі болса, жыл сайын оның 2-3 шақырымы ғана жөнделеді. Тарифті 2030 жылға дейін кезең-кезеңмен көтеру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, тозығы жеткен желілерді 15 пайызға дейін азайту көзделген. Алайда, алдымен қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, халықтың пікірі ескеріледі. Облыста коммуналдық қызмет ақысы 2018 жылдан бері өзгермеген еді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу