Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы Венгрия спортшыларын 9:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы Венгрия спортшыларын 9:1 есебімен ұтты

14.01.2023

Лэйк-Плэсидте өтіп жатқан 30-шы Қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Жерлестеріміз Венгрия спортшыларын 9:1 есебімен ойсырата ұтты. Осыған дейін отандастармыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Енді студент жастарымыз өз тобында Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен бақ таластырады. Нәтижесінде, өз тобындағы 2 үздік команда келесі кезеңге шығады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу