Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындары басталды

13.01.2023

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындары басталды. Студенттер арасындағы отызыншы ақ ойында 50 елден мың жарымға жуық спортшы бақ сынайды. Спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Біздің елден бұл додаға 78 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында еліміздің Туын шаңғы қоссайысынан қатысушы Мағжан Аманкелдіұлы мен мәнерлеп сырғанаушы Гауһар Наурызова ұстап шықты.

Хоккейшілеріміз алғашқы ойынын өткізіп үлгерді. Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяға қарсы өткен матчта 5:1 есебімен басым түсті. Енді хоккейшілер В тобындағы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Біздің ойыншылар бүгін тағы бір кездесу өткізуде. Қазір Венгриямен бақ сынасып жатыр. Дүниежүзілік Қысқы Универсиада қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында өтеді. Ойындарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу