Мекеме басшысы жазасын алады - Ғани Бейсембаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мекеме басшысы жазасын алады - Ғани Бейсембаев

12.01.2023

«Балдәурен» сауықтыру орталығының басшысына қатаң шара қолданылады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деді. Аталған лагерьде демалып жүргенде кенеттен көз жұмған 14 жасар жеткіншектің өліміне байланысты министрлік жанынан арнайы комиссия құрылған. Құрамында балалардың құқығын қорғау комитеті, білім басқармасы мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі мен өзге де құзыретті органдар аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кеткен. 

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Барлық мәселелер әділетті түрде қатаң тексерілетін болады. Ол менің жіті бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерьдің басшылығына қатаң тиісті жаза қолданылатын болады. Сондықтан да қалған мәселелерге қатысты құқық қорғау органдарымен бірге тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мәселелер толық анықталғаннан кейін нақты шешім туралы хабарлайтын боламыз. 

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу