Қарағандылық курьерлер тапсырысты конькимен жеткізіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық курьерлер тапсырысты конькимен жеткізіп жүр

12.01.2023

Ауа райының күрт суытуына байланысты қарағандылық курьерлер тапсырысты тез жеткізу үшін аяқ киімді конькиге алмастырған. Бұл эстафетаны Астана тұрғындары да жалғастырды.

Дегенмен мұндай әрекеттерді қайталау қауіпті. Қазір елдің басым бөлігінде сарышұнақ аяз. Бұған ай басында күн жылынып, артынша қар жауып, ауа температурасының күрт төмендеп кетуі себеп.

Ал бұл таңғажайып құбылысты Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тұрғындарын түсірген. Күн батқанда мұз кристалдары секілді жарық пайда болып, олар әр түрлі түске боялған.

Асылбек Данияр



Хабарламаларға жазылу