Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды

11.01.2023

Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды.

Төраға Эльвира Әзімова мен судьялар қатысқан ашық отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қаралды. Соның нәтижесінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты бұл заңның күші жойылды деп танылды. Конституцияның 74-бабы 3-тармағына сәйкес, нормативтік қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болады және шағымдануға жатпайды. Ал бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелді. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу