Алматыда кандидаттар үгіт-насихат науқанын өткізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кандидаттар үгіт-насихат науқанын өткізіп жатыр

10.01.2023

Сенат депутаттығына Алматы қаласынан кандидаттар үгіт-насихат науқанын белсенді жүргізіп жатыр. Олар сайлаушы - мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді, өздерінің атқаратын жұмыстарымен бөлісті.

Жалпы 4 күннен соң өтетін саяси шараға мегаполис тас-түйін дайын. Бұл жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады. Бастапқыда Алматы қаласынан сенаторлыққа өз кандидатурасын 10 адам ұсынған еді.

Сайлау комиссиясы заң талаптарына сай келетін 4 үміткерді ғана ресми түрде тіркеді. Олардың орташа жасы 45-те, арасында мемлекеттік қызметкер, заңгерлер мен инженер бар.

Айгүл Қалықова, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты сайлауына 4 кандидат қатысады. Барлығы әйелдер. Олар бір орын үшін бақ сынайды. Таңдаушылар, яғни 38 қалалық мәслихат депутаты дауыс береді деп жоспарлап отырмыз. Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы саяси науқанды дайындап, өткізуге қатысты тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу