Бразилия үкіметі мемлекет астанасындағы жағдайды толық бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия үкіметі мемлекет астанасындағы жағдайды толық бақылауға алды

09.01.2023

Бразилия үкіметі мемлекет астанасындағы жағдайды толық бақылауға алғанын хабарлады.

Жексенбі күні мұнда экс-президент Жаир Болсонарудың мыңдаған жақтасы президент резиденциясына, конгресске және Жоғарғы сотқа басып кірді. Сонымен қатар, олар президенттік сайлау нәтижесін қайта қарауды талап еткен.

Соңғы мәліметке сай мемлекеттік ғимараттар шерушілерден босатылып, шамамен 300-дей адам тұтқындалды. Ал осы федералдық аймақтың губернаторы тәртіпсіздіктердің алдын алмағаны үшін отставкаға кетті. Сайлауда Болсонаруды басып озған жаңа президент Лула да Силва оқиға орнына барып, бүлікшілердің жазаға тартылатынын ескертті. Ал ел астанасы Бразилиа қаласында енгізілген төтенше жағдай режимі осы айдың соңына дейін жалғаспақ.

Арыстан Рысбек  

Хабарламаларға жазылу