СҚО-да 80 адам жалған дипломмен жұмыс істеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 80 адам жалған дипломмен жұмыс істеген

06.01.2023

Солтүстік Қазақстанда жалған дипломмен жұмыс істеп келген 80 адам анықталды. Олардың басым бөлігі білім беру ұйымдарында еңбек еткен.

Облыстық прокуратуратураның мәліметінше, орта есеппен айына осындай 6 дерек ашылады. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалған дипломдарын пайдалану фактілері анықталды.

Еңбек кодексіне сәйкес жоғарыда аталған мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Олар тиісті жауапкершілікке тартылады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу