Шымкентте 120 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 120 отбасы баспаналы болды

04.01.2023

Шымкентте 120 отбасының көптен күткен арманы орындалды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында олар жаңа әрі жайлы қонысқа жайғасты. Солардың қатарында Жанар мен анасы да бар. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ. Бұл отбасы пәтер кезегін он жыл күткен.

Сәулетті әрі кең баспана енді қонақжай әрі ырысты мекен болмақ. Әкімдіктің тапсырысымен салынған таза әрлеудегі әлеуметтік тұрғын үйлер 3-4-жайлылық класына сәйкес келеді. Пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метр. Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, Шымкентте биыл 3 мыңға жуық азамат пәтерге қол жеткізген. Оның тең жартысы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер.

Жайсаңкүл Мырзабекова, қала тұрғыны:

Он жылдан астам кезекте тұрдық. Міне кезегіміз келіп, осы күнге жеттік. Жаңа жылда жаңа сый-сияпат болды Үкіметтен, әкімшіліктен. Қуанышымда шек жоқ. Осындай жақсы күндеріміз көп болсын!

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу