Шығыс Қазақстанда театр тарландарына «Маска» сыйлығы табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда театр тарландарына «Маска» сыйлығы табыс етілді

27.03.2015
Шығыс Қазақстанда театр тарландарына «Маска» сыйлығы табыс етілді

Кәсіби мерекені Шығыс Қазақстандағы Жамбыл атындағы драма театрының ұжымы да жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты жиын барысында жылдың үздік актері, режиссері анықталып, оларға «Маска» сыйлығы табыс етілді.

Осымен 13 жыл қатарынан беріліп келе жатқан бұл жүлдеге театр өнерінің дамуына сүбелі үлестерін қосып келе жатқан бірқатар актер мен ұжым қызметкерлері ие болды. Мерекелік шараға келгендер бұл күні бірнеше шағын қойылым мен арнайы концерттік бағдарламаны да тамашалады. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу