Жетісу облысындағы шаруалар субсидия алудан қиналуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы шаруалар субсидия алудан қиналуы мүмкін

29.12.2022

Алдағы уақытта жаңадан құрылған Жетісу облысындағы шаруалар субсидия алудан қиналуы мүмкін. Себебі мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін толық пайдалана алмай отыр. Жер учаскелерінің кадастрлық коды «03»-тен «24»-ке ауысуына байланысты «Қолдау» бағдарламасы бойынша да құжат рәсімдеу қиындаған. Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде қосымша қаражат жұмсауға мәжбүр. Сондықтан Сенат депутаттары бұл шығындарға республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлуді ұсынды.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Енді міне, 3 айдан соң егістік, мал төлдеу науқаны басталады. Егер жедел түрде осы айтылған мәселелерді шешпесек, Мемлекет басшысының өңірлерге қойған тапсырмасы орындалмай қалады. Ауылшаруашылық саласында резонанс туындап, тұқым, жеңілдетілген жанар–жағар май тағы басқа проблемалар шешімін таппайды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу