Мәулен Әшімбаев: Мақсатымыз әділетті құқықтық мемлекет құру
Президент реформаларының басты мақсаты – әділетті құқықтық мемлекет құру. Мәулен Әшімбаев Сенаторлар кеңесінің отырысында осылай деді. Басқосуда Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды міндеттер талқыланды. Сенат төрағасы 2022 жыл еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы болғанын айтты. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Парламенттің рөлін арттыруды міндет етті. Осыған байланысты жалпыхалықтық референдумда Ата заңға тиісті өзгерістер енгізілгенін тілге тиек етті. «Президент басымдықтарды белгілеп берді. Осы жолда бүкіл қоғам болып жұмылып, бірлесіп жұмыс істеу аса маңызды», - деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Сіздердің білімдеріңіз, біліктіліктеріңіз бізге өте қажет. Мұндай кездесулердің бізге де берері өте мол. Бүгін де міне жақсы дүниелер айтылды. Оның барлығын біз өз жұмысымызда ескереміз. Мақсатымыз бір – елімізге, халқымызға, Президентімізге қызмет ету. Бәріміз бірігіп, Әділетті Қазақстан құру.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09