Қытайда ұшақ билеттеріне сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда ұшақ билеттеріне сұраныс артты

28.12.2022

Қытайда әуе билеттері мен халықаралық турларға деген сұраныс күрт артты. Елде ковид індеті жалғасып жатса да, билік саяхаттауға салынған тыйымдарды жеңілдетіп отыр. Көші-қон қызметі шетелге шығу үшін төлқұжат алуға өтініш қабылдай бастамақ.

Халықаралық ұшақ рейстеріне қойылған шектеу де алынып тасталды. Билік апта басында қаңтардың 8-нен бастап елге сырттан келушілер карантинге алынбайтынын жариялаған еді. Бұған дейін Қытайда үш жыл бойы шекаралар жабық болып, тұрғындар локдаун жағдайында өмір сүріп келді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу