Қарағандыда пиротехниканы заңсыз сатқандарға айыппұл салынды
Қарағандыда пиротехникаларды заңсыз сатқандарға 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Базарда ашықтан ашық саудалап тұрғандарда ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Олардан 214 пиротехникалық зат тәркіленген.
Бұдан бөлек интернет саудагерлері де анықталған. Полиция осындай рейдтерді жаңа жыл мерекесі өткенше күн сайын жүргізеді. Басты мақсат - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Арнайы құрылған жұмыс топтары облыс аумағындағы сауда үйлері мен базарларды түгел бақылауда ұстайды.
Жахат Есжанов, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:
Шараның алғашқы күні пиротехникалық өнімдерін заңсыз сатудың 13 фактісі анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабына сәйкес яғни «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша хаттама толтырылды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07