Алматыда әлемдік балет жұлдыздары қатысуымен «Щелкунчик» қойылымы көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әлемдік балет жұлдыздары қатысуымен «Щелкунчик» қойылымы көрсетілді

28.12.2022

Алматыда әлемдік балет жұлдыздарының қатысуымен «Щелкунчик» қойылымы көрсетілді.

Дүние жүзіне әйгілі балеттердің бірі аты мәшһүр композитор Петр Чайковскийдің музыкасына қойылған. Бұл кеште басты партияларды Чинара Ализаде мен Владимир Ярошенко орындады. Алматылық көрермен Польшадан келген меймандарды жылы қабылдап, қойылым аяқталған соң қошеметін аямады.

Көпшіліктің сүйікті классикалық балетіне айналған – «Щелкунчик» жаңа жыл қарсаңындағы ертегі әлеміне саяхат іспетті. Үміт, жақсылық пен дархандылыққа толы ертегінің ғажайып атмосферасын маэстро Ерболат Ахмедияровтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестр сүйемелдеді.

Ерболат Ахмедияров, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бас дирижері:

Биыл «Щелкунчик» спектакліне 130 жыл толып отыр. Әлем жүзінде осы балет қойылмаған театр жоқ шығар. Өйткені әрбір театр жаңа жыл қарсаңында «Щелкунчик» қойылымын береді міндетті түрде. Біз үшін де осындай жобалар өте маңызды. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу