АҚШ-та қатты аяз бен бораннан 62 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қатты аяз бен бораннан 62 адам қаза тапты

28.12.2022

Америка Құрама Штаттарында қатты аяз бен боран кезінде қаза тапқандар саны 62-ге жетті.

Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай әсіресе Буффало штатында күрделі. Мұнда жеке транспортпен жүруге тыйым салынды.

Жалпы ел аумағында 200 мыңдай адам электр жарығынсыз отыр. 4600-дей ұшақ рейсі тоқтатылған. Жолаушылар әуежайларда түнеуге мәжбүр. Ал Монтана штатында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеді.

Метеорологтардың болжамына сай, боран алдағы бірнеше күнде басылуға тиіс. Дегенмен тұрғындарға аса қажет болмаса жолға шықпауға кеңес берілді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу