ФИФА: Әлем чемпионатында сөз байласу болған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ФИФА: Әлем чемпионатында сөз байласу болған жоқ

24.12.2022

Қатарда өткен футболдан Әлем чемпионатында ешқандай сөз байласу болған жоқ. Дүбірлі доданың ойындарын тексеріп шыққан Халықаралық Футбол федерациясы осындай мәлімдеме жасады. Арнайы жұмыс тобы ресми букмекерлерге тігілген бәстерді де қадағалап, матчтар кезінде ешқандай күмәнді әрекет орын алмағанын анықтады. Бұл жайлы ФИФА-ның ресми сайтында жазылған. Айта кетейік, бұған дейін франциялық жанкүйерлер Әлем чемпионатында әділетсіздік орын алды деп, финалды қайта өткізуді талап еткен. Олар тіпті арнайы петиция да жариялаған болатын.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу