Қытай халқы вируспен бірге өмір сүруді үйреніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай халқы вируспен бірге өмір сүруді үйреніп жатыр

23.12.2022

Қытай халқы коронавируспен бірге өмір сүруді үйреніп жатыр. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, инфекция жұқтырған жергілікті тұрғындар бұрынғыдай карантин орталықтарына қамалмайтын болды.

Үйлерінде оқшауланып, онлайн жұмыс істеп, балалар сабақты қашықтан оқып жатыр. Еске салайық, елдің ірі қалаларда локдаунға қарсы шерулер өткен еді. Осыдан соң Қытай үкіметі «нөл-ковид» саясатын доғара бастады.

Алайда вирус жұқтыру оқиғалары мұнда қайта көбейген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу