Кеңес Нұрпейісұлының туғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес Нұрпейісұлының туғанына - 80 жыл

18.03.2015
Кеңес Нұрпейісұлының туғанына - 80 жыл

Бүгін Алматыда Кеңес Нұрпейісұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Тау тұлға тарихшыға тағзым» атты еске алу кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі 1935 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылында дүниеге келген.

Түрлі тақырыпта 20-дан астам монографиялық ғылыми еңбек пен кітаптар жазып, тарих ғылымдарының дамуына үлес қосты.

10 ғылым докторын, 40 ғылым кандидатын дайындады.

Ұлт тарихына зор үлес қосқан тұлғаның шәкірттері мен көзін көрген інілері оқушыларға тағылымды өмірі туралы әңгімелеп берді.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу