«AMANAT» партиясы филиалдарының жаңа төрағалары сайлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы филиалдарының жаңа төрағалары сайлануда

22.12.2022

Өңірлерде «AMANAT» партиясы филиалдарының жаңа төрағалары сайланып жатыр. Қарағандыда облыстық филиалдың кезектен тыс 39-шы конференциясы өтіп, ашық дауыс беру арқылы партия филиалының төрағасы сайланды.

Бекзат Алтынбеков бұған дейін атқарушы хатшы қызметін атқарған. Өз сөзінде ол партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысына тоқталды. Қарағанды облысы бойынша өңірдің 34 мыңнан астам тұрғыны партия қатарына қабылданған. Олар 271 бастауыш партия ұйымында жұмыс істейді. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов аманаттықтардың алдында демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру міндеттері тұрғанын айтты.

Асхат Оралов, «Аmanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Ешқандай көзбояушылыққа, жасандылыққа жол бермеуіміз керек. «AMANAT» партиясының миссиясы да осындай қазір. Нақты істердің, адалдықтың кезеңі уақыты келді деп есептейміз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу