Орталық Азия медиа форумы аясында түрлі шеберлік сағаттары да өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия медиа форумы аясында түрлі шеберлік сағаттары да өтті

21.12.2022

Орталық Азия медиа форумы аясында түрлі шеберлік сағаттары да өтті. Мәселен бүгін Пулитцер сыйлығының лауреаты, бұрынғы фотожурналист Лю Хен Шинг дәріс өткізді. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен түрлі телеарна, газет, журналдардың басшылары, журналистер мен оператор, фотографтар қатысты. Оларға Лю Хен Шинг өзінің өмірі мен еңбек жолы жайлы баяндап, жетістікке жетуге қатысты ойларымен бөлісті. Әрі елімізге алғаш рет келген ол, Қазақстан жақсы әсер қалдырғанын айтып, медиа форумның жоғары деңгейде өткенін жеткізді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу