Ұлттық кітапханада «Құнды тарту» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кітапханада «Құнды тарту» акциясы басталды

18.03.2015
Ұлттық кітапханада «Құнды тарту» акциясы басталды

Бүгін Ұлттық кітапханада «Құнды тарту» акциясы басталды. Шара аясында кез келген азамат, кәсіпорын ұжымы мен түрлі ұйым өкілдері кітапханаға сан қилы басылымдарды тарту ете алады.

Тұңғыш рет бұл шара өткен жылы кітапхананың 10 жылдығына орай ұйымдастырылып, қорға 10 мыңнан аса кітап қосылған.

Ұйымдастырушылар игі шараны дәстүрге айналдырып, халықты кітап оқуға шақыратындықтарын айтады.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу