Балалар жылы: 69 ауқымды жоба жүзеге асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар жылы: 69 ауқымды жоба жүзеге асырылды

21.12.2022

Биыл балалар жылы аясында 69 ауқымды іс-шара өткізілді. 1 миллионнан астам бүлдіршінді қамтитын мәдени-спорттық жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

Атаулы жыл аясында бала тәрбиесі де өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан министрлік «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру онлайн жобасын жасап, «Дана бала» балалар әдебиетінің веб-сайтын іске қосты.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

Оқушының мәдени нормативі жобасы - еліміздегі жалпы мектептердің 20 пайызын немесе 1510 мектепті қамтыды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл жерде балалар өнер мен мәдениетте нені білуі керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Соған арнайы платформа дайындап, қосымша сабақтар арқылы осы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу