Орталық Азияны біріктіретін ортақ құндылықтар насихатталуы керек - сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азияны біріктіретін ортақ құндылықтар насихатталуы керек - сарапшылар

21.12.2022

Орталық Азияны біріктіретін ортақ құндылықтар насихатталуы керек. Астанада өтіп жатқан Медиа форумның ортақ ақпараттық медиа платформа құру жайлы панелдік сессиясында сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей, Әзірбайжан, Моңғолиядан келген медиа мамандар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Және медиа кеңістігінде өзара байланысты нығайту жайы сөз болды. Бүгін жасанды интеллект, медиадағы әйелдер, медиа саласындағы білім беру тақырыптарына арналған талқылаулар болады. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу