Ұлыбритания бұрын-соңды болмаған көші-қон дағдарысына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания бұрын-соңды болмаған көші-қон дағдарысына ұшырады

20.12.2022

Ұлыбритания бұрын-соңды болмаған көші-қон дағдарысына ұшырады.

Биылдың өзінде заңсыз мигранттар саны 44 мыңға жуықтап, антирекорд орнады. Енді үкімет баспана сұрағандарды Африкаға жер аудармақшы. Жоғарғы сот мигранттарды Руандаға депортация жасау туралы жоспарын мақұлдады. Бұдан бұлай баспана беру туралы шешімді келімсектер Ұлыбританиядан 6 000 шақырым қашықтықта орналасқан шығыс африкалық елде күтуге мәжбүр болады.

Суэлла Браверман, Ұлыбритания ішкі істер министрі:

Мен Жоғарғы соттың Руандаға қатысты жоспарымызды мақұлдаған шешімін құптаймын. Бұл біздің халықаралық құқық туралы келісімдерімізге қайшы келмейді және бұл Ұлыбритания үкіметі жасаған ұтымды саяси таңдау.


Хабарламаларға жазылу