Орталық Азия медиа форумында ортақ ақпараттық кеңістік құру идеясы талқыланды
Әлемдік медианың белді өкілдері бүгін Астанада басқосты.
Елордада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр. Шарада сарапшылар өңірдегі саланы дамытудың өзекті мәселелері мен Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын талқылады. Алғашқылардың бірі болып Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл сөз сөйледі. Оның айтуынша, ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі. Ал мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Орталық Азия елдері түрлі салада байланыстарды нығайтуы керек екенін атап өтті. Сонымен қатар форум қатысушыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын да жеткізді.
Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі:
Биыл ағайын елдердің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. 21 ғасырда Орталық Азияны бірлесе дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық шартына қол қою рәсімінің осы мерейлі жылда басталуының зор символдық мәні бар. стратегиялық құжат біздің жан-жақты серіктестігімізді дамытуға тың серпін береді деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11