Президент Орталық Азия медиа форумы қатысушыларын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Орталық Азия медиа форумы қатысушыларын құттықтады

20.12.2022

Әлемдік медианың белді өкілдері бүгін Астанада басқосты. Елордада бірінші Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр. Шараға қатысушылар арасында әлемге әйгілі жұлдыздар да бар. Толығырақ форумға қатысып жатқан әріптесім Шерхан Жамбылұлынан білейік. Шерхан форумда қандай өзекті мәселелер көтеріліп жатыр.

Шерхан Жамбылұлы, тілші

Қайырлы күн қадірлі көрермен! Иә, Дархан медиа форум қыза түсті. Сарапшылар өңірдегі саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптап, талқылап жатыр. Алғашқылардың бірі болып Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүл сөз сөйледі. Оның айтуынша, ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі. Үкімет журналистерден қорықпауы немесе жасырынбауы қажет. БАҚ пен үкімет бірге болса, қоғам мемлекеттік мәселелерді дұрыс түсініп, қолдайтын болады, - деді. Ал мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Орталық Азия елдері түрлі салада байланыстарды нығайтуы керек екенін атап өтті. Сонымен қатар форум қатысушыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын да жеткізді.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесшісі:

Биыл ағайын елдердің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. 21 ғасырда Орталық Азияны бірлесе дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық шартына қол қою рәсімінің осы мерейлі жылда басталуының зор символдық мәні бар. стратегиялық құжат біздің жан-жақты серіктестігімізді дамытуға тың серпін береді деп сенемін.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Дәл қазір бірнеше алаңда тақырыптық сессиялар өтіп жатыр. Жалпы бүгін форумда әртүрлі бағытта 8 тақырып бойынша талқылаулар өтпек. Мәселен, «Бейбітшілік этикасы», «Балаларға арналған телевизиялық контент», «Фейк және ақпараттық қауіпсіздік» сынды БАҚ саласындағы өзекті мәселелермен қатар, Орталық Азия үшін маңызды мәдени бірегейлік, ортақ ақпараттық медиа платформа құру перспективалары да талқыға түспек. Форумға аты әлемге мәшһүр, айтары бар танымал тұлғалар қатысып жатыр. Жалпы саны 100 ден аса спикер сөз сөйлейді. Мәселен, әйгілі америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, бүркітші қызымыз Айшолпан жайлы «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш келді. Пулитцер сыйлығының иегер Лю Хен Шинг бар. Сонымен қатар Монғолияның 3-Президенті Намбарын Энхбаяр, Голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс өз ойларын ортаға салады. YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған, балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев те өз тәжірибесімен бөліспек. Сонымен қатар деарстар үшін жағымды жаңалық. Бұл алаңда бүгін белгілі әнші Димаш Құдайберген де сөз сөлейді. Ол «Халықаралық бейбітшілік күні» жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.


Хабарламаларға жазылу