Мемлекет басшысы Қатар Әмірін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қатар Әмірін құттықтады

19.12.2022

Мемлекет басшысы - Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Ол бейбітшілік пен ынтымақтастық қағидаттарын ұстанған елдің алдағы уақытта да қарқынды дами беруіне тілектестік білдірді. «Осы мерейлі мейраммен тұспа-тұс келіп отырған футболдан Әлем чемпионатының сәтті әрі табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Дүниежүзілік брендке айналған бұл дүбірлі дода Қатардың бақуатты және болашаққа нық сеніммен қадам басып келе жатқан ел екенін тағы да растады. Әсіресе, қарапайым спорт жанкүйерімен қатар халықаралық қауымдастық та әлемдік біріншіліктің жоғары деңгейдегі жаңа стандарттарына куә болды»,-деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің игілігі үшін әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымыз одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу