Көліктердің жасы мен экологиялық класына ешқандай талап қойылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктердің жасы мен экологиялық класына ешқандай талап қойылмайды

15.12.2022

Заңдастыруға жататын автокөліктердің шыққан жылы мен экологиялық класына қатысты ешқандай талап қойылмайды. Бұл туралы Әкімшілік полиция өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, мүлікті заңдастыруға алты ай көлемінде уақыт беру жоспарланған. Ал көліктің кірген күнін анықтау жолы да автоматты түрде жүзеге асады. Ол деректер шекара қызметі мен мемлекеттік кірістер органдарының базасынан алынады.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Шекара қызметінде немесе мемлекеттік кірістер органдарында көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша айқындалатын болады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу