Елдегі құнарлы ауылшаруашылық жерлер мен жайылымдардың, коммерциялық учаскелердің көбін олигополиялар иемденіп алған. Олардан 145 мың гектар жер мемлекет пайдасына тәркіленді.
56 қылмыстық іс қозғалып, 9 адам сотталды. Жыл басынан бері 1,5 млн гектар жер қайтарылды. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескердің мәселесі шешілді.
Бас прокурур Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау және медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша алқа отырысы өтті. Онда ірі жер телімдерінің бір қолға шоғырлануына жол бермеу және үлестік жерлерге бақылауды күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру, жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталды. Мәселен Ақтөбе облысында жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешені 4 есе артық бағамен сатып алынған.
Әсима Нұрбайқызы