Елімізде медициналық қызметтің тарифі қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде медициналық қызметтің тарифі қайта қаралады

12.12.2022

Елімізде медициналық қызметтің тарифі қайта қаралады. Осы мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді. Министрдің айтуынша, Үкіметте медициналық ұйымдарды қаржыландыру мәселесі қаралып жатыр. Себебі, елімізде кейбір медициналық қызметтердің тарифі 10 жылдан бері өзгермеген. Ал, емхана мен ауруханалардың кредиторлық берешегін тексеру үшін аймақтарға комиссия жіберілген.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Жедел-жәрдем қызметі, босандыру бойынша балаларға, әйелдерге көрсетілетін қызметтердің тарифтері қазірдің өзінде көтерілді. Және келесі жылы бюджетке байланысты басқа да салаларды, қаражат жетпейтін салалардың тарифтерін қайта қарау жоспарланып отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу