Ұлыбританияда қолайсыз ауа райынан бірнеше әуежайда рейстер шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда қолайсыз ауа райынан бірнеше әуежайда рейстер шегерілді

12.12.2022

Ұлыбританияда қалың қар жауып, айналаны қою тұман басқан. Осыған орай ұшақ рейстері шегерілді. Станстед әуежайында ұшу-қону жолағы жабылған.

Хитроу мен Гэтуик әуежайлары да рейстерді шектеуге мәжбүр. Әуежай басшылары жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды межелі жеріне мүмкіндігінше тез жеткізуге тырысатынын айтты.

Пойыздардың қозғалысында да ауытқулар болып жатыр. Бұл жағдай ауа-райы толық жақсарғанға дейін жалғасуы мүмкін. Жолаушыларға бұл туралы ескертілген. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу