Әлем чемпионаты: Үздік 4 комнада жартылай финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Үздік 4 комнада жартылай финалға жолдама алды

12.12.2022

Қатар елінде өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының жеңімпазын анықтайтын күнге де аз қалды. Ширек финалдан кейін жеңіске жеткен үздік төрт команда жартылай финалға жолдама алды. 

Португалия Мароккоға қарсы ойында алғашқы минуттардан ширақ көрінді. Дегенмен Хаким Зиеш бастаған жігіттер командамен қорғаныста сауатты ойнап, шабуылды да жиі жасап отырды. Ойындағы алғашқы гол матчтың 42 минутында  соғылды. Юсеффэн Несири командаласы берген пасқа бірінші жетіп, Португалия қақапасынан саңылау тауып кетті. Екінші таймда ойынға қосалқы құрамнан Криштиану Роналду шықты.

Нәтижесінде Марокко тағы да сенсация жасап, өз тарихтарында бірінші рет мундиальдің жартылай финалына жолдама алды.
Англия мен Франция құрамалары арасындағы ойын алғашқы минуттардан тартысты басталды. Қос команда алма кезек шабуылдап, матчы ширата түсті. 22 жастағы Орельен Тчуамени 17 минутта алыстан қақпаны дәл көздеп, Франция құрамасын есепте алға шығарды.

Ағылшындар есепті екінші таймда Кейннің пенальтиден соққан голынан кейін теңестіріп кетті. Дегенмен француздар толассыз шабуылдардың арқасында қайтадан есептегі басымдыққа ие болды. Бұл жолы Оливье Жиру көзге түсті. Матчтың 84 минутында Кейн тағы да таразы басын теңестіретін мүмкіндікке ие болған, алайда пенальтиден екінші мүмкіндігінде гол соға алмады.

Осылайша Дидье Дешамның командасы жартылай финалға өтті, ал қарсыласы Биылғы мундиальда барлық футбол жанкүйерлерін керемет ойынымен таң қалдырып жүрген Марокко құрамасы.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу