Екібастұз қаласының 49 мыңға жуық тұрғынына өтемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласының 49 мыңға жуық тұрғынына өтемақы төленеді

12.12.2022

Жылу желілеріндегі апатқа байланысты электр қуатын шамадан тыс пайдалануға мәжбүр болған Екібастұз қаласының 49 мыңға жуық тұрғынына белгілі бір мөлшерде қаржы қайтарылады. Монополист оны абоненттердің жеке есеп шотына түсіреді.

Сондай-ақ жылу батареясы жарылып, атқылаған судан әбден бүлінген 50-ден аса пәтерді «ЕкібастұзЖылуЭнерго» кәсіпорыны өз есебінен жөндеп береді. Қазір шаһарда жеке сектордағы 29 үйде жылу жоқ. Сол аумақтағы ақауды жою үшін 200 адам жұмылдырылған.

Ал көпқабатты үйлер тегіс қосылды. Бірақ стансадағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеп тұрғанымен, қала ішіндегі желілерде жылумен қамту біркелкі емес.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

Кейбір үйлер бізде терезелерін ашып тастап отыр. Кейбір үйлерге, басқа шағын аудандарға жылу жетпей отыр. Басқа көп қабатты үйлер олар тоңып отыр. Сондықтан осының бәрінің тепе-теңдігін жасау керек.

Болат Аманбаев




Хабарламаларға жазылу