Тәуелсіздік күніне орай елордада ұлттық құндылықтар насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күніне орай елордада ұлттық құндылықтар насихатталды

10.12.2022

«Ұлттық құндылық - рухани күш». Осындай айдармен Тәуелсіздіктің 31 жылдығы мен мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында мерекелік шара өтті. Мақсаты – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық нышандарға құрметпен қарауға шақыру.

Жиында елге еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Арасында мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков те бар.

Жандарбек Мәлібеков, ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы:

Бүкіл Қазақстан халқын мерекемен құттықтап қойғым келеді. Қазақстан халқы өсіп-өрлеу дәуіріне келіп жетті, бірлігіміз бен ынтымағымыз, бейбіт мемлекетіміз жасай берсін. 


Хабарламаларға жазылу