Алматыда жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 94 қылмыс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 94 қылмыс тіркелді

09.12.2022

Алматыда жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 94 қылмыс тіркелді. Оның 50 пайызы жедел түрде анықталған. Салыстырмалы түрде, былтыр мегаполисте осындай 170 заңбұзушылық тіркелген. Бүгін Алматыда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күніне орай, адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жиын өтіп, осы мәселелер айтылды. Парақорлық бар жерде адам құқығы бұзылады дейді,- мамандар. Сол себепті, осы мәселемен күресте жұмыстың 70 пайызы халықты ақпараттандыруға бағытталып жатыр. Нәтижесінде тұрмыстық жемқорлық фактілері азайған.

Қанат Салимбаев, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасы басшысы:
Іс-шараның негізгі мақсаты -халықаралық сыбайлас жемқорлықтың тәжірибесін зерттеп, Греко және экономикалық ынтымақтастық даму ұйымының тәжірибесін ескеріп, шетелдік тәжірибе алу.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу