Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

09.12.2022

Мемлекет басшысы Бішкекте өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Кеңеске мүше бес елдің басшылары шағын құрамда күн тәртібіндегі ең маңызды төрт мәселені талқылады. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіптік кооперацияны жобаларды қаржыландыру, ортақ газ нарығы, іштегі кедергілерді жою мен Біріккен Араб Әмірлігімен еркін сауда айналымына қатысты келіссөздер де бар.

Ал кеңейтілген отырыста бұл мәселелерден бөлек 12 сұрақ көтерілмек. Жиын соңында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу