«Оралу» фильмі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оралу» фильмі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді

09.03.2015
«Оралу» фильмі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді

«Оралу» фильмінің тұсаукесері еліміздің түкпір-түкпірінде өтуде. Алматы, Қостанай, Павлодар жұртшылығы туындының ерекше тұстары көп екенін айтуда.

 «Фильмнің философиясы мықты. Елбасының  бірлік пен тұрақтылық саясаты сөзсіз аңғарылады», дейді Рудный қаласының тұрғыны Ольга Пегасова.

Ал, Талдықорған жұртшылығы «фильмде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сәтті көрініс тапқан», дейді.

Сондай-ақ, көрермендер «туынды жастарды бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді», деген пікірлер білдіруде.

 

Әлия ӘШІМ 

Хабарламаларға жазылу