Лондон мен Астананың 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынасын дәріптеген кітап көпшілікке таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон мен Астананың 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынасын дәріптеген кітап көпшілікке таныстырылды

08.12.2022

«Қазақстан және Ұлыбритания. Стратегиялық әріптестер». Тұманды Альбионда Лондон мен Астананың 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынасын дәріптеген кітап көпшілікке таныстырылды.

Ұлыбритания Қазқастанмен алғашқылардың бірі болып ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан мемлекеттердің қатарында. Соңғы 30 жылда қос ел тығыз стратегиялық әріптестік орната білді және бұл игі үрдіс жалғасын тауып келеді.

Сондай ақ Қазақстанда қолға алынған ауқымды реформалар әріптестікті одан әрі нығайтуға жол ашады,- дейді ұлыбританиялық саясаткерлер.

Мағжан Ілиясов, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі:

Кітаптың тұсаукесерінде 30 жыл ішінде саясат пен экономикада қол жеткізілген жетістіктер туралы ғана емес стратегиялық әріптестікті нығайту үшін болашақта жасалуы тиіс жұмыстар да талданды. Бүгінгі талқылаудан ұққанымыз көпшілікке ауылшаруашылығы, тау-кен өндіру, жасыл энергетика, транспорт-логистика салаларының келешегі қызықты.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу