Алматыда МӘМС есебінен 700 мыңға жуық науқасқа оңалту қызметі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда МӘМС есебінен 700 мыңға жуық науқасқа оңалту қызметі көрсетілді

08.12.2022

Соңғы 10 айда Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен 700 мыңға жуық науқасқа оңалту қызметі көрсетілді. Оған Медициналық сақтандыру қоры тарапынан 5 миллиард 800 миллион теңге төленді. Бұл туралы Қордың Алматы филиалы директоры хабарлады.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, медсақтандыру оңалту шараларының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында, әсіресе инсульт алғандар аяққа тұрып кетіп жатыр. 2019 жылы оңалту қызметіне 600 миллион теңге жұмсалған болса, 2022 жылы реабилитациялық қызметтерге 7,5 миллиард теңге қарастырылған.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қаласы МӘМС қоры филиалының директоры:

Алматы қаласында реабилитациялық қызметтерге 100%-ға жуық қаржы қарастырылған. Біз кей-кезде Алматы қаласында игерілмеген қаржыны бюджетке қайтарып жатқан жағдай бар. Сондықтан бұл мақсатта Алматыда қаржыландыру мәселесі толық шешілді деп айтуға мүмкіндік бар.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу