Батыс Қазақстан облысында Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты

08.12.2022

Батыс Қазақстан облысында Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты.

Бұдан бұрын Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында жарық желісінің әбден тозып тұрғанын көрсеткен едік. Материал эфирге шыққаннан кейін, бір аптаның ішінде округте 40 бағана ауыстырылған. Түбі шіріп біткен ағаш тіреулердің орнына бетон тірек орнатылған. Бұрын қырық жамау болған бір шақырымнан астам электр сымы жаңартылған. Облыстық электр таратушы кәсіпорын ескі трансформаторлар келер жылы ауыстырылатынын айтты. Ауылда маман тапшы болғандықтан, басқа округтен да электриктер жұмысқа тартылған.

Тоқтамыс Дәукенов, зейнеткер:

Сымдары тозып біткен еді. Міне, жақында бағаналарды, кабель сымдарын ауыстырып, жарығымыз түзелді. Ұлттық арна келіп, көзіміз ашылды. Бізге арнайы келіп, көмек беріп, елге көңіл аударғандарыңызға рахмет.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу