Еурокомиссия Ресейге қарсы қосымша санкция ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еурокомиссия Ресейге қарсы қосымша санкция ұсынды

08.12.2022

Украинаға басып кіргені үшін Ресейге еуропалық комиссия тағы да санкциялар енгізбек. Шектеудің тоғызыншы пакеті ұсынылды. Ал осыған дейін енгізілген санкциялар өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Осылай деп мәлімдеген Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен жаңа қара тізімге жүздеген тұлға мен банктер ілігетінін айтты.

Бұған қоса, санкциялар Ресейдің әскери саласына қажетті тауарлардың экспортын шектеуді және бақылауды қамтымақ.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

Санкциялық тізімге 200-ге жуық жеке және заңды тұлға қосылады. Олардың қатарында Ресей қарулы күштері, жекелеген офицерлер, қорғаныс өнеркәсібі компаниялары, Дума және Федерация кеңесінің мүшелері, министрлер мен саяси партиялар бар.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу