Қатар-2022: Марокконың жеңісін жанкүйерлер әлем бойынша тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Марокконың жеңісін жанкүйерлер әлем бойынша тойлап жатыр

08.12.2022

Марокко құрамасының Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісін жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінде тойлап жатыр. Мәселен, Брюссель полициясы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 100-ден астам морокколықты ұстаған. Нидерландының бірнеше қаласында да жеңісті тойлауға шыққан жанкүйерлерді полиция күшпен таратқан. Ал Италияның Верона қаласында көшеге шыққан марокколықтарға шабуыл жасаған жергілікті тұрғындар тұтқындалды.


Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу