Мұз қатпай балық аулайтындарға ескерту жасалды
Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай қызметкерлері қыста балық аулайтындарға қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатыр. Елдімекен маңындағы ұсақ тоғандардағы мұздың қалыңдығын тексеріп, балықшыларға ереже жазылған парақшалар таратты. Себебі мұз қатпай жатса да, балық аулауға шығатындар аз емес. Көбі қауіпсіздік шарасын ескермейді. Осының салдарынан соңғы 2 жылда жұқа мұздың үстіне шыққан 8 адам суға батып кеткен.
Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
Мысалы, қазір біз тұрған жерде мұздың қалындығы шамамен 6 сантиметр. Бұл мүлдем қауіпсіз емес. Қауіпсіз болып есептелетін ол шамамен 10 саниметр. Балық аулаймын деушілер осыны естен шығармаса екен дейміз. Ал егер көлікпен мұзға шығатын болсаңыз, онда мұздың қалындығы шамамен 30 сантиметр болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13