Екібастұзда көпқабатты 12 үйге жылу беру жұмысы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда көпқабатты 12 үйге жылу беру жұмысы жалғасуда

06.12.2022

Екібастұз жылу электр орталығында суды шамадан тыс тұтыну, яғни сыртқа кетіп жатуы қалпына келе бастады. Қазір сағатына 550 тонна алып тұр. Ал жылу ішінара берілген көпқабатты 12 үйге екі мың жылу батареялары орнатылды. Тағы төрт мыңы дайын. Ыстық су бұл үйлердің жертөлелеріне дейін барып тұр.

Енді соны пәтерлерге жеткізу үшін қатып қалған құбырлары жылытылып, қажет жағдайда жаңасы салынып жатыр. Бұл жұмыстарға 850-ден астам адам жұмылдырылған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу