Қатар-2022: Мбаппеге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Мбаппеге айыппұл салынды

05.12.2022

Сонымен қатар, Киллиан Мбаппе Әлем чемпионатында үш мәрте матчтың үздік ойыншысы атанды. Ал, ФИФА-ның ережесі бойынша үздік атанғандар міндетті түрде матч туралы пікір білдіруі тиіс. Шабуылшы ережені елемей, сұхбаттан екі рет бас тартқан. Мбаппенің бұл әрекеті үшін Франция футбол федерациясына 10200 еуро айыппұл салынды. Кейін Мбаппе өз әрекетінің себебін түсіндірді. «Мен қазір тек чемпионат туралы ойлануым керек, басқа нәрсеге күш жоғалтқым келмейді. Менің жеке шешімім үшін федерацияға айыппұл салынды. Қаражатты өз қалтамнан төлеймін», - деді Мбаппе.

Жанкүйерлер Пеленің денсаулығына алаңдаулы

Футбол королі Пеленің денсаулығы жақсарып келеді. Бұл туралы Сан-Паулу ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді. Айта кетсек 82 жастағы әлемнің үш дүркін чемпионы сырқаттанып, ауруханаға жеткізілген еді. Киллиан Мбаппе өз парақшасына «біз король үшін дұға етеміз» деп жазба қалдырды. Шабуылшы Харри Кейн де «Оның саулығын тілейміз, Пеле бізге шабыт береді» деп пікір білдірді.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу