Қостанайда 6 көпқабатты үй жылудан ажыратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 6 көпқабатты үй жылудан ажыратылды

05.12.2022

Қостанайда жылу құбыры тесіліп, алты көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды. Ақау аула ішіне тарайтын құбырда пайда болған. Қазір оқиға орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр. Мамандар «жөндеу жұмыстарын кешке дейін аяқтап, тұрғын үйлерді бүгіннен қалдырмай жылуға қайта қосамыз» деп отыр.

Зелимхан Салмурзаев Қостанай Жылу-энергетика компаниясының өкілі:
Жұма күні мына үйдегі ақауды жөндеу барысында су далаға кетіп жатқаны байқалды. Құбырдың тесілген жерін бүгін анықтадық. Сол тұсты қазып, суын құрғаттық. Қазір дәнекерлеп жатырмыз.
Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу