Екібастұзда 19 үй әлі жылуға қосылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда 19 үй әлі жылуға қосылмаған

03.12.2022

Екібастұзда жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Қазір жылуға қосылған үйлердің саны көбейген. Бұл туралы жаңа ғана өткен штаб отырысында айтылды. 

Асылбек Данияр, тілші:

Техногендік апат салдарынан зардап шеккен әлі 19 үй қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бүгін өзге қалалардан келген мамандар 9 үйге жылу кіргізіп берген. Қала бойынша қазір бригаданың 430 қызметкері қызмет атқаруда. Қала әкімі кеше-бүгін 4 үйде жылыту батареяларының жарылғанын хабарлады. Зардап кешкенкендерге көмек көрсетілді, дейді. Бүгін түнде және ертең жылу қосу үшін үлкен күш жұмылдырамыз деп отыр облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук. Одан соң су құбырлары қатып қалған 46 үйде жылыту жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, кеткен шығындардың барлығын жылуға жауапты компания өтейтін болады. Арнайы құрылған комиссия қазір залал көлемін есептеп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу