Халықаралық конференцияда Парламенттің ашықтығын арттыру жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық конференцияда Парламенттің ашықтығын арттыру жайы талқыланды

03.12.2022

Елде іске асып жатқан реформалар Парламенттің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан Парламентінің қоғам үшін институционалдық ашықтығы жөніндегі халықаралық конференцияда айтылды.

Елордада өткен шараға Сенат, Мәжіліс депутаттары мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Парламентаризмді дамыту қорының өкілдері қатысып, заң шығарушы органның ашықтығын қамтамасыз ету жайы талқыланды. Әрі конференцияға Польша, Молдова секілді елдерден спикерлер онлайн қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.


Хабарламаларға жазылу